Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге жетті

295

0

Шри-Ланкада жарылыстан қаза тапқандардың саны 321-ге, ал зардап шеккендердің саны 520-ға жетті. Бұл туралы байланыс құралдары және бұқаралық ақпарат министрі Руван Вийевардене мәлімдеді, – деп хабарлайды РИА Новости News 1st телеарнасына сілтеме жасап. 
Мұның алдында жарылыстан 262 адамның қаза тауып, 452 адамның зардап шеккені хабарланған еді. Шри-Ланка билігі 40 күдіктіні ұстаған.
 «Қаза тапқандар саны 321-ге жетті және 521 адам зардап шекті», – делінген телеарнаның Twitter желісіндегі парақшасында.
 Cоңғы мәліметтерге қарағанда, қаза тапқандардың ішінде Дания, Жапония, Пәкістан, Марокко, Үндістан, Бангладеш, ҚХР, АҚШ, Түркия және Ұлыбритания елдерінің азаматтары бар.
Сондай-ақ, жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 13 адамның ұсталғаны айтылады. Еске салайық, кеше, жексенбіде Шри-Ланкада екі жарылыс болған еді. Кейінірек Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жарылыс салдарынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<