«AMANAT» пен «ADAL» қосылды

995

0

Кеше Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен «AMANAT» партиясының ХХІІІ съезі өтіп, күн тәртібінде «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы және «AMANAT» партиясының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. 

«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы А.Оралов партияның жұмыстарына қысқаша тоқталып, «ADAL» саяси партиясымен бірлесіп «Жаңа Қазақстан» құруға бағытталған жұмыстардың табысты болатынына сенім білдірді.

Съез отырысында Президент Қ.Тоқаев «AMANAT» партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатып,  партия төрағалығына мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты ұсынды. «AMANAT» партиясының еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым болып қала беретінін айтып, Президент сайлауында қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді.

Съезге қатысқан делегаттар күн тәртібіндегі мәселелерге бірауыздан қолдау білдірді.

Талғат Әліпбаев,

Қазалы аудандық мәслихаттағы

«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<