«Тазалық – ауыл көркі» акциясы өтті

684

0

Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен орталық бейіт маңында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акция барысына «Иманқұл» мешітінің бас имамы, Жалағаш кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Көштаев Біржан ағамыз сөз алып, тазалық акциясына атсалысуға, туған өлкемізді таза ұстауға шақырды. Сонымен қатар ауданның белсенді жастары, ерікті және студент жастар атсалысып, орталық бейіт маңын қоқыстан арылтты. Алдағы уақытта игі шара өз жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<