Тереңнен қазына тартқандар

1231

0

28 қыркүйекте елімізде Атом саласы қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мерекенің қазақстандық күнтізбеде болуының өзі аталған саланың еліміз экономикасында аса маңызды рөл атқаратындығын айқындайды.

Әлемдегі атом электр стан­циялары өндіретін электр энер­гиясының үлесі жыл сайын артып келеді. Сәй­ке­сінше, энергия тасымал­дау­шысы – уранға деген сұ­ра­ныс та пропорционалды түрде өсу­­де. Қазақстан Республи­ка­сы табиғи уранның ірі өн­ді­ру­шісі ретінде әлемде же­текші орында тұр және бұл пози­цияларды нығайтуға «Қаз­атомөнеркәсiп» ұлттық компа­ниясы» АҚ-ның Қызылорда облысы аумағында жұмыс іс­теп жатқан кәсіпорындары да сүбелі үлесін қосуда. Солардың бірі – «Байкен-U» ЖШС. 2006 жылы құрылып, сол уақыттан бері ел қазынасына қомақты қаржы түсіріп келе жатқан компанияда бүгінде 400-ден астам адам жұмыс атқарады.

Аталған кәсіпорын табиғи уранды «Солтүстік Хорасан» кен орнының «Хорасан-2» учас­кесінде 600-700 метр те­реңдікте өндіреді. Бұл – Қа­зақстандағы ең терең кен ор­­ны. «Солтүстік Хорасан» ке­­­ні­шінде өндіріс жерасты ұң­ғымалы шаймалау, яғни табиғи уран­­ды жер бетіне шығармай те­­реңдікте өнімді ерітіндіге ай­­налдыру арқылы дамыту әді­сімен жүзеге асырылады. Кеніштерді дамытудың бұл технологиясы кез келген шаң көздерін толығымен жоққа шығарады және радиоактивті ластану қаупін азайтады. Әдіс технологиялық блоктарға бі­ріктірілген технологиялық ұң­ғымаларды салудан тұрады. Онда сілтілеу ерітінділері жер бетінен кенді сулы қа­бат­қа жеткізіледі. Уран кен­де­рінен сілтілеу арқылы мәж­бүрлі сүзгілеу, содан соң құ­рамында уран бар өнімді ері­тінділерді жер бетіне кө­теру және уран сорбциялық шығаруға арналған өңдеу ке­шеніне тасымалданады. Қа­зіргі уақытта әлемдегі эконо­микалық тұрғыда ең үнемді, экологиялық таза және жоғары технологиялық әдіс – осы.

Жалпы «Хорасан-2» кеніші – ең табысты кеніштердің бірі, себебі кенді горизонттан шығару 90% құрайды. Осының барлығы компанияның өнді­ріс­тік көрсеткіштерінің есе­лей түсуіне игі ықпалын ти­гізіп келеді. Осы орайда «Бай­кен-U» ЖШС бас директоры Ринат Байсұлтанов өзі бас­қарып отырған ұжымның ал­дағы жоспарлары туралы ай­тып өтті.

Компанияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық мақсаты – «Солтүстік Хорасан» кен орнының оңтүстік-шығыс флан­гісі мен «Хорасан-2» учас­кесінде уранды өндіру, қай­та өңдеу және іске асыру бо­йынша серіктестіктің құ­рыл­тайшыларына уақытылы және сапалы қызмет көрсету. Осы ретте еңбек өнімділігін арттыру, өндірістік шығын­дарды азайту арқылы ком­па­нияның максималды таза пайдаға қол жеткізуі қамтама­сыз етілуі тиіс. Ол техноло­гиялық процестерді жетілдіру, өндірістің тиімділігін артты­руға бағытталған ғылыми-тех­никалық қызметін өткізу, қызметкерлердің әлеуметтік тұ­рақтылығының деңгейін кө­теру есебінен жүзеге асырыла­тын болады.

Вахталық қоныста жұмыс­шы-қызметкерлерге барлық жағдай жасалғанын атап өту керек. Онда әкімшілік-тұр­мыс­тық комбинат, химиялық зертхана, уранды өңдейтін 2 цех орналасқан. Кенішті күн қуа­тымен жұмыс істей­тін электр станциялары энер­гиямен қамтамасыз етеді. Бас директор қауіпті індетке бай­ланысты төтенше жағдай енгізіліп, карантиндік шаралар күшейтілген тұста компанияда қауіпсіздік мәселесі басты на­зарға алынғанын жеткізді.

– Ешқандай қысқарту орын алған жоқ, тек вахталық жұмыс режимін 45 күнге созуға ту­ра келді. Вахта мерзімі аяқ­талған кезде жұмысын аяқ­­та­ғандар да, жұмысқа түсе­тін­дер де медициналық тек­серу­ден өткізілді. Сонымен бір­ге вахтадан босағандарды үй­леріне дейін жеткізу ұйым­дастырылды. Ал кеңсе қыз­меткерлері қашықтан жұмыс жүргізді, – деді серіктестік басшысы.

Әрбір өндірісте ұжым мү­шелері мақтан ететін үздік­тері болады. «Байкен-U» ЖШС де ондай тұлғалардан кен­де емес. Көпшілік оларға қа­рап бой түзейді. Кәсіби ме­реке қарсаңында олардың бір­қатарын – ауысым шебері  Бақытжан Түркменбаев, тех­ни­калық бақылау бөлімі бас­шысы орынбасары  Ақтол­қын Әбенова, еңбек қауіп­сіздігі инженері Азамат Асатаев, гид­рометаллург аппарат­шысы Ербол Байтелиев, геотех­но­ло­гия ұң­ғымасының опера­то­ры Сабырхан Беркінбаев, жерасты ұңғымасын жөндеу операторы – Ержан Бегімбаев секілді құрметке лайық маман­дарды атап кеткен артық етпес.

Әрине, мұндай ірі құры­лымдар жергілікті өңірге әлеу­меттік қолдау көрсетіп оты­ратыны белгілі. «Бай­кен-U» ЖШС мұндай игілікті істерден еш уақытта қалыс қалған емес. Оның бәрін тізе берсе, бір мақалаға сыймайтыны анық. Десе де, бірнешеуіне тоқталып өтелік. Осыдан бірнеше жыл бұрын серіктестік тарапынан Жаңақорған ауданында Сыр­дария өзенінен өтетін кө­пірге толық қаржылай көмек көр­сетілді. 2013 жылы Байкенже қонысында спорт алаңы са­лынды. Аудан балаларына ел­ордаға саяхаттауға ұдайы қар­жылық қолдау көрсетілуде. 2014 жылы 50 орындық ба­лабақша салынды. Сонымен қатар компания көптеген мек­тептерге ұдайы қамқорлық қолын созып келеді.

Жер қойнауын пайдалану келісім-шартына сәйкес, әлеу­­меттік саланы қолдау мақ­­са­тында жыл сайын об­лыс­тық бюд­жетке 100 мың АҚШ дол­ларына бала­ма сома ауда­рылады. Көпбалалы жә­не мұқтаж отбасы­ларға, со­­ғыс және еңбек арда­гер­лері­не үнемі қолдау жаса­лады, дәс­түрлі облыстық мал­­­шылар слетін және басқа да іс-шара­ларды өткізуге кө­мек көр­сетіледі. Аудан­да су тас­қынына және төтенше жағ­дайларға қарсы жұмыс­тар­ды жүргізу кезінде жаб­дықтар мен жанар-жағармай материалдары өтеусіз негіз­де бөлінеді. 2016 жыл­дан бас­тап «Самұрық-Қазы­на» Ұлт­тық әл-ауқат қорының қа­­йы­рым­дылық және демеу­­ші­лік саясатына өзгеріс­тер ен­­гізілді. Қордың осы жаңа қайырымдылық саясаты­на сәй­кес, Қор компаниялар то­бы­ның барлық қайырым­ды­лық және демеушілік қыз­метін маңызды жобаларды кон­курс­тық негізде іріктеп алып, іске асыратын «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры атқа­рады.

Компания қоршаған ор­та қауіпсіздігі мәселесін үне­­мі басты назарда ұстап ке­ле­ді. Экология кодек­сіне сай «Хо­расан-2» кені­ші­нің ны­сан­дарында тоқсан сайын эко­логиялық бақылау жаса­лады. Сонымен қатар сани­тарлық-қорғау аймағындағы бақылау ұңғымаларынан шыққан су­дың және топырақтың сапа­сына мониторинг жүргізіледі. Кеніштегі сарқынды су­дың ра­диациялық фоны тексе­ріледі. Биыл қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа 37,2 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Өндірістік құрылымдарының қоршаған ортаға және жер­гілікті тұрғындарға экология­лық және әлеуметтік әсерін зерттеуге «Жоғары техноло­гиялар институты» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.

Қазіргі уақытта келісімнің шарттарына сәйкес, фон­дық деректерді жинау және тал­дау, экологиялық зерт­теу­лер­ді жүргізу үшін бақы­лау нүк­телерін анықтау, зерт­теу айма­ғындағы су мен то­пырақты, өсімдіктер мен жан­уарлар дүниесін бақылау, зардап шеккен нысандарды анықтау, оған қоса, Байкенже ауылы тұрғындарының тұр­мыстық құдықтардағы ауыз-судың сапасы туралы өтініш­тері мен шағымдары бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша «Бай­кен-U» ЖШС биыл күрделі жылдың қиын­дықтарына қарамай өз міндеттерін барлық бағытта да жоғары деңгейде атқарып келеді.

Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<