Қала көлемінде «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

8

0

Фото: Полиция департаменті

Ағымдағы жылдың 8-12 маусым күндері аралығында қала аумағында «Заңсыз келуші-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – шетел азаматтарының құқықтарын сақтай отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу қағидаларының сақталуын бақылау.

Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында болу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ қолданыстағы заңнама талаптарын жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын сақтауға және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.