Қазалы ауданында 39 учаске таңғы 7.00-де ашылды

4

0

Бүгін – Құрылтай сайлауы өтетін күн.

Қазалы ауданында таңғы сағат 7.00-де барлық 39 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде 14, Қазалы қаласында 3 және ауылдық округтерде 22 сайлау учаскесі жұмыс жасайды.

Ауданда Құрылтай сайлауына 47 515 дауыс беруші тіркелген.

Сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдай жасалып, дауыс беру белгіленген тәртіппен жүргізілуде.

Құрылтай сайлауы – әрбір азаматтың өз таңдауын білдіріп, елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына мүмкіндік беретін маңызды науқан.