«Қарасора-2026»: Есірткі пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер анықталды

48

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткілік масаң күйде автокөлік басқарған жүргізушіні анықтады.

2026 жылғы 8 маусым күні Қызылорда қаласындағы Яссауи көшесінің бойында «Chevrolet Cobalt» маркалы автокөлік тоқтатылып, жүргізушіге медициналық куәландыру жүргізілді. Куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бағытындағы жедел-профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, есірткіні жеткізу арналарының жолын кесу, ірі көлемдегі партияларды анықтау және ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекеттерін әшкерелеу бағытында кешенді шаралар жүргізуде.

Полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады. Есірткілік немесе алкогольдік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар.