ТҮРІК БИЛІГІ ТҰРҒЫНДАР ҚАРЫЗЫН КЕШІРДІ

380

0

Түркия билігі халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау бағытында ізгі қадам жасады. Нақтырақ айтқанда, ел тұрғындарының жағдайына қарап, медициналық сақтандыру бойынша қарыз болып қалған азаматтардың қарызын кешірді.

Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзіне сілтеме жасаған http://islam.kz/  хабарлады. Айта кету керек, елдегі барлық әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұрғындар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалпы медициналық сақтандыру алады, соның арқасында ел аумағындағы кез келген емханада тегін қаралып, қажетті ем-домын алады.

Түркияда 280 мың ел тұрғынының тұрмысы нашар. Мемлекетке қарыз 6 млн-нан аса адам бар. Осыған байланысты, Үкімет 2017 жылдың сәуір айының 1-не дейін қордаланып қалған медициналық сақтандыру бойынша барлық қарызды, дәлірегі, 8,5 млрд лира мөлшеріндегі қарызды кешірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<