Жаңа мектепте алғашқы қоңырау соғылды

623

0

Қазалы ауданында жаңадан ашылған №276 орта мектепте кеше алғашқы қоңырау салтанаты болып өтті.
Шараға аудан әкімі М.Ергешбаев қатысып, білім ордасының алғашқы қарлығаштарына жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудан басшысы №276 орта мектепке интерактивті тақта табыстады.
Одан кейін сөз алған №276 орта мектеп директорының м.а. М.Жұмашев өз кезегінде жаңа оқу жылына дайын екендіктерін айтып өтті.
Алғашқы қоңырау салтанатында мектеп оқушылары ән мен жырдан шашу шашып, ел қошеметіне бөленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<