Жалағаш кентінен жаңа кәсіпкерлік нысан бой көтерді

319

0

Жалағаш ауданы бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны ағымдағы жылдың басымен салыстырғанда 218 бірлікке немесе 8 пайызға артып, аудан тұрғындарының кәсіпкерлікпен айналысу деңгейі жоғарылағанын жеткізді. Жыл басынан аудан бойынша 2 млрд 202,4 млн теңгені құрайтын 97 жоба қаржыландырылып, 127 адам жұмыспен қамтылған.

Ашылған жаңа орталық – жеке кәсіпкер Бақыткүл Ахметованың жалпы алаңы 360 шаршы метрді құрайтын «Далида» сауда орталығы.

Жоба құны 100 млн теңгені құрайды. Оның ішінде 57 млн теңге «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Банк Центр кредит» АҚ арқылы жеңілдетілген пайызбен қаржыландырылған.

Сауда орталығында 16 шағын дүкен бар. Қарапайым халыққа қолжетімді бағада тауарларын ұсынатын болады.

Заманауи үлгідегі сауда үйінде жылдың 4 мезгіліне де қолайлы, халыққа қызмет көрсету сапасы өте жоғары, аудандағы ірі сауда нысандардың біріне айналмақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<