Жаман әдет жастарға жат

313

0

Мектебімізде өтетін көптеген іс-шараның бірі «Мен саған есірткі жайлы айтып беремін…» тақырыбын талқылауға бүкіл сынып белсене қатыстық. Ұстаздарымыз әлемді жайлаған есірткі дертінің күн сайын тамырын тереңге жайып бара жатқанын, оның зиянын түрлі көрнекіліктер арқылы түсіндірді. Сыныптастарым ойларын ортаға салды. Мен де өз пайымымды білдірдім.

Бейбіт өмірде, тәуелсіз елде, біздің қоғамда жаман әдеттерге әуес  болып, өз өмірін жалғастырған ұрпағына, өзінен кейінгіге көңіл бөлмей  жүрген жандар көп. Есірткіге әуес жанның өмірі, болашағы бұлыңғыр. Сондай жандарды уақытында анықтап, ауыздықтаса да толастар емес. Бұған қоғамды кінәлаушылар жетіп артылады. Бірақ бар кінәны қоғамға жаба салуға болмайды. Әрбір адам салауатты өмірі үшін өзі күресу керек.

– …Есірткі өміріңді қор қылады

Ел алдында жігерің құм болады.

Ойлан достым, ойлашы ертеңіңді

Болашағың  шын мәнінде не болады?

Жат әдетке қарсы күрес  жүргізу, оның алдын алу біздің қолымызда. Жаңа дәуірде елімізге қызмет ету үшін жігерлі, денсаулығы мықты болып өсіп-жетілуіміз керек. Біздің үлкендеріміз, ата-аналарымыз жарқын болашағын тұңғиық түбіне батырған жандардан емес,  саналы, сапалы, адал ұрпақтан үміт күтіп отыр. 

Ләйла ТЕМІРБЕКОВА,

№186 мектеп оқушысы.

Қармақшы ауданы