Құрылтай

Жартыжылдық көрсеткіштері талқыланды

2

0

Фото: Облыс әкімдігі

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және республикалық бюджеттің орындалуы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте өңірдің жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды.

Аймақта негізгі макроэконо­ми­калық көрсеткіштер бойынша оң ди­намика, өңдеу өнеркәсібінде 14 па­йыздық өсім қалыптасқан. Ин­вес­тиция тарту бойынша Үкімет бекіткен 789 млрд теңге меженің 43 пайызына қол жетті.

– Дегенмен бірқатар ауданда өнер­кәсіп өндірісі, негізгі капиталға салынған инвестиция көлеміне қа­тысты жоспар орындалмаған. Салаға жетекшілік ететін жауапты басшылар, негізгі көрсеткіштерге талдау жа­саңыздар.

Шілденің 1-індегі есеп бойынша облыс бюджетінің кірісі 111,9 пайыз орындалды. Республикалық бюд­жеттен бөлінген нысаналы транс­ферттер мен облыс бюджеті 100 пайыз толығымен игерілді. Осы ретте басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері, жыл аяғына дейін қаржыны жиынтық жоспарға сәйкес толық игеру керек.

Елді мекендердің қала құрылысы жобаларына түзетулер енгізіліп, олар­ды цифрлық форматқа ауыстыруға 2024 жылы облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Бірақ бұл жұ­мыс баяу жүргізілуде. Аудан әкім­дері, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен бірлесіп, жобаларға мемлекеттік сарап­­таманың оң қорытындысын алуды үйлестіріңіздер, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізілуде. Мәжілісте қала аумағында салынып жатқан және салынуы жоспарланған нысандарды ескере отырып, бас жоспардың жобасын же­делдетіп аяқтау, мемлекеттік сарап­тама қорытындысын 1 қазанға дейін алып, Үкімет қарауына енгізу тапсырылды.

Негізгі көрсеткіштерге келсек, облыста өнеркәсіп 2,4, өңдеу өнер­кәсібі 13,8, ауыл шаруа­шы­лығының өнімі 3,9, құры­лыс жұмыстары көлемі 31,3, пай­далануға берілген тұрғын үйлер көлемі 1,3, сауда көлемі 2,6, инвестиция тарту 7,1 пайыз артқан.

Бұдан бөлек, мәжілісте мерзімді әскерге шақыру науқанының қоры­тын­дысы және алдағы кезеңге да­­­йын­­дық барысы талқыланды. Жа­уап­ты мамандарға әскерге ша­қы­­ры­латын азаматтар тізімін 20 тамызға дейін жасап, қала, ау­дан әкімдіктеріне ұсыну, оларды ша­қыру пункттеріне толық жеткізу, әскерден жалтарушыларды із­деу, оқушыларды медициналық тек­­серу­ден өткізуге қатысты тап­сырмалар берілді.

– Соңғы күндердегі ауа райы өрт қаупін күшейткендіктен, төтен­ше жағдайлар, орман шаруашылы­ғы мекемелері толық дайын болуы тиіс. Төтенше жағдайлар депар­та­­менті жұмылдыру дайындығы бас­­қар­­масымен бірлесіп, ахуалды күн­­делікті қатаң бақылауда ұстаңыздар.

Сондай-ақ суға шомылатын орын­дардағы, рұқсат етілмеген су айдындарындағы рейдті кү­шей­тіңіздер. Тұрғындарға түсін­дірме жұмыстарын жүргізіп, балалардың қауіпсіздігін қатаң бақылауға алың­ыздар, – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі