ЖАСТАР КЕРУЕНІ АРАЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

333

0

12 тамыз – халықаралық жастар күні мерекесін атап өту мақсатында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысына сәйкес «Жастар рухани жаңғыру жолында» атты жастар керуені ауданда болды.
Орталық алаңда сыр өнерпаздары аудан тұрғындырына арнап мерекелік концерт өткізді. Шара барысында Арал қаласы әкімінің орынбасары П.Берсүгіров барша аудан жастарын аталмыш мерекемен құттықтап, белсенді жастарға алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығының» директоры Ә. Ізбасаров мерекелік лебізін жеткізді.
Түрлі ойындарға қатысып, әсем әндер тыңдап, заманауи би тамашалаған көпшілік мерекелік кештен көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<