Жастармен кездесу өтті

315

0

Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудан жастарымен кездесу өткізілді.
Президент Жолдауы аса бір тарихи кезеңде халыққа жолданды. Онда қамтылған негізгі мәселенің бірі – адам капиталын дамыту. Адам капиталы дегенімізде ең бірінші ойға келетіні адамның білім алуы. Біз әлемдік деңгейге шығу үшін, өркениеттің көшінен қалып қоймау үшін шет тілдерін білумен ғана шектеліп қалмай, көптеген озық технологияларды меңгеруіміз керек. Ол үшін жастарға жол ашу, олардың жан-жақты білім алып дамуына қолдау көрсетудің маңызы зор.
Аталмыш шараны аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ- нің директоры М.Ибраев ашып, өз сөз кезегінде жастарға арналған бағыттарын түсіндіріп өтсе, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов және аудандық мәслихат депутаты К.Раевалар жолдаудағы басым бес бағытқа, сонымен қатар жолдау төңірегінде жастарға арналған бағдарламаларға тоқталып толық мәлімет беріп өтті. Шара соңында аудан жастары өз ойларын ашық білдіріп, ұсыныс – пікірлерін білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<