Жауапты хатшы ЕРӘЛИЕВ

635

0

Жауапты хатшы  ЕРӘЛИЕВ Шерхан Мұртаза: «Журналис­тердіңарқалайтыны – алтын, жейтіні – жантақ» деп бағалайды. Жазушының жанкештімамандық иелерін алтын арқалап жүріп, жантақты сүйсіне жейтін қара нарғабағалауы тек болмаса керек. Сондай қара нардың бірі – журналист Шора Ерәлиев еді.

Біркездері қазіргі «Сыр бойы» өңшең әскерден оралған жауынгер­лердің шоғырыболатын. Төрде әзілдің тізгінін ағытып Орман Нұр­хабаев отырады. Сонан соң екісөзінің бірінде «тасмаңдайлар» деп сөйлейтін Досмағанбет Тасекеевтің әңгімесінтыңдаймыз. Қызылорда пединститутының орыс тілі мен әдебиеті факультетінсоғыстан оралған соң бітірген кісі еді. Ешкімге көңілі толмайтын өзінше біржұмбақ жан болды. Ұрпақсыз кетті. Әскерде айып батальонын басқарған, әскерикомиссариатта, обкомда қызмет істеген, сонан соң журналистикаға бет бұрған.«Кешіккен Дәмеке» деген бір повесті жазғаны есімде. Сырдария, Жаңақорғанаудандық газеттерінде редактор болған Сы­­дық Алдабергенов жан досы еді. Екеуіжұп жазбай сырласумен пәни дүниеге аттанып кетті. Сыдық қолына қалам ұстамайтындиктовкімен очерк, суреттеме жазатын. Біз таңғаламыз. Ал, Әбсадық Жанзақовдеген ағамыз көп жыл редакцияда өндіріс-транспорт бөлімін басқарды. Зейнеткешығарып саларда шапан жауып, қолына конверт бердік. Сөз алды.

«Мағанбүгінгі көрсетілген құрмет керемет болды. Мен дүниеден өтерде мұндай құрметболмайтын шығар. Сондықтан, сол кездегі беретіндеріңді бүгін тағы да пұлдайжинап бергендеріңді қалап тұрмын» деп қарап тұр. Қыран-топан күлкіге баттық.Сөзді қиыннан қиыстырып айтатын кісі еді Әбсадық аға.

Ол тұстаредакцияда КазГУ-ды бітірген бірде-бір журналист болған жоқ. Әлі есімде, сонауелуінші жылдың басында ЦК-ның жолдамасымен ортамызға қою қара шашы бұйраланыпмаңдайына төгілген бір жігіт келді. Өзін Шора Ерәлиев деп таныстырды.Қармақшының Ленин атындағы колхозында туып-өскенін айтты. Үйленбеген.Әке-шешесі ауылда тұратын көрінеді. Ә дегеннен бас көтермей мақала жазды,аудармашы болды. Оқырманға танылды. Арада үш-төрт жыл өтпей жауапты хатшығакөтерілді. Газеттің келбеті өзгерді. Бас редактор Хамза Сыздықов жас жігіттіңқамшы салдырмас шапшаңдығына, тиянақты ісіне тәнті болып, жиын-жиналыста,летучкада Шораны аузынан тастамай айтатынын талай естідік.

Кеңестіккезеңде газет шығару мүлдем қиын болды. Хрущев дәуірінде ұзын-сонар баяндамаКазТАГ-тан келеді. Орыс тілінде жазылатын дүниелерді суыт аудару қиындығы жәнебар. Бәрі қолмен теріледі, таңсәріде газет баспаханадан шығады. Кезекшілерүйлеріне барғанда сілейе құлайды. Бір қате кетсе обкомдағы аңдушылар әлеккетүсіреді. Міне, осы тұста жауапты хатшы Шора Ерәлиев баспахананың бірбөлмесінде қона жатып әріпті сонда оқиды. Кейде Бақыт атты жеңешем «Шора үйгеқонбады, кешеден жоқ» – деп редакцияның есігін жиі қағатын. Осы сәтте сырбазШөкең:

–Бақыт, келдің бе, газет кешігіп жатыр. Сәлден соң үйге барамын, шәйіңді қоябер! – деп шығарып салатын.

Жауаптыхатшы – газеттің жүрегі. Әрі бас сәулетшісі. Бейнебір әсем ғимараттың сұлбасынсызатын архитектор десем артық болмас. Бұл аз десеңіз, жауапты хатшы басконструктор секілді. Макетті шебер сызып, жазылған дүниенің маңыздылығына қарайәр бетке ыждағатпен орналастыру жауапты хатшыға байланысты. Бұл жағынан Шорақамшы салдырмайтын, Сыз­ған макеті жарқырай түсетін. Сонан соң жарияланғанредакцияның қызметкерлері мен авторлардың арасындағы пайыздық заңдылықты қатаңсақтай отырып, жанрдың табиғатына лайықтап, қаламақыны әділ қоятын,обал-сауапты тең ұстайтын, редактордың ең сенімді серігі болуы керек. Бұлжағынан Шора әділ болды. 

Газеттіңбеделі журналист Ұзақ Бағаев келген соң одан әрі өрлей түсті. Редактор Бағаевжурналистер мектебін ашты. Өзі қаламы ұшқыр, тақырыпты тауып қоятын азамат еді.Тәуір дүниені алыстан болжап, макетті бұзып, шығайын деп тұрған газеткекезектен тыс салдыратын қасиет қалыптастырды.

СейілБоранбаев, Шәкірат Дәр­мағамбетов, Әбілахат Жанәділов, Дархан Сапаров,Құрманғазы Бә­кіров, Мария Қарақонақова, тағы басқалар осы тұста ортамызғақо­сылды. Бұл кезде Шора Ерәлиев жауапты хатшыдан көтеріліп, редак­тордыңорынбасары еді. Ұзекең газеттің бет-бейнесін өзгерту үшін Шораны жауаптыхатшылыққа ора­луын қалады. Студенттік кезден КазГУ-де бірге оқыған замандасынаосылайша сенім артып, жауапты хатшылыққа тағайындады. Бұлар БалғабекҚыдырбекұлы, Әбірәш Жә­мішев – бәрі курстас достар болғанын кейін білдік.

Шорауақытының көбін редак­ция­да өткізетін, күй талғамайтын қара нар болды. Бірерпашкі «Беломор канал» папиросы лезде таусылатын. Шылымды сорып отырып, сәлденсоң қолы қалт етсе, шахмат ойнауға шығады. Бұл ойында да Шора көбін шемішкедейшағып тастайтын шах­матшы болды. Та­лай түйдек-түй­дек дүние­лер жазды.Обкомның пле­нум, кон­ферен­цияларының есебін жүйеге түсіру тек Шораныңсүзгі­сінен өтетін. 

Журналистаға зейнетке шыққан соң күн құрғатпай редакцияға соғушы еді. Шылымын соратартып әңгімені төгілтеді.

–Қазіргі газеттеріңнің келбетіне қуанамын. Үлкен формат, түрлі-түсті бояуменшығады. Шіркін, интернет пен компьютер дәуірін аға ұрпақ көрмей кетті. Линотип,тақырыпты қолмен теріп, баспа станогін қолмен бұрайтын. Кейде газетке тоғыз бететіп, Хрущевтің баяндамасын беремін. Түні бойы баспаханадамыз. Көлік жоқ,жаяу­латып үйге қайтамыз. Міне, осындай дәуірді бастан өткіздік. Сендербақыттысыңдар. Баяғы қол машиналары жоқ, әр бөлмеде қос-қос компьютер, –дейтін.

Ағаағынан жарылып, қызмет­тестері Орман, Мырқы, Әбділда, Әбса­дық, Құрманғали,Бөлебай жайында да естелік төгетін-ді.

Баржүкті арқалаған ағаны жасы ұлғайған сәтте сырқат көп айналдырды. Дәріні уыстайішті. Дәрмен болмады. Міне, бүгін ойлап қарасам, қарашаңырақтың қара нарыатан­ған бесаспап журналист Шора Ерә­лиевтің дүниеден озғанына талай жыл өтіпті.Қазір тірі болса, биыл тоқсанға шығып, көзі тірі інілерімен әзіл-қалжыңдыжал­ғастырар еді. Амал қанша?!

Иә,өмір – өзен, ол ағысын тоқтатпайды. Шора Ерәлиевтің шаңы­рағы қара ормандайжай­қалған ұл-қыз, немере, құда-жек­жатпен өрісін кеңейтіп келеді. Әулеттіңбұтақ жайған жапырағын көріп, өшпеу деген осы болар дейміз. Бүгін тоқсанныңбиігіне шыққан ағаны еске алып, ұрпағына тілек жау­дырар парыз бізге бұйырды.

 

Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<