ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗДЕН ЖЫРАҚТА

374

0

Өткен аптада Сыр өңірінде ашылған «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері Жалағаш ауданында емхана ұжымымен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.
Басқосуға жоба кеңсесінің басшысы Жандос Тұсмағанбетов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Әлішер Амангелдиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Гүлназ Әбілқасымова, Жалағаш ауданының Полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Абзал Сералиев, амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық аурухананың бас дәрігері Әсия Бекбергенова және емхана қызметкерлері қатысты.
Жобалық кеңсе мүшелері тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау бағытында баяндама жасап, көпшіліктің ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Негізі, тәуелсіз еліміздің әлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына енуіне ықпал ететін факторлардың бірі – ол, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оны мейлінше азайту болып отыр. Бұл мемлекеттік саясаттың да басым бағытының бірі. Аймағымызда аталған індетті жою бағытында толымды тірліктер атқарылып, тың жобалар жүзеге асырылуда. Осылай деген жоба жетекшісі Ж.Тұсмағанбетов медицина саласында сыбайластық індетіне жол берілмеу керектігін ескертті.
Мұнан соң, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі облыстық департаментінің бас маманы Ә.Амангелдиев пен аудандық Полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Абзал Сералиев мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, қызмет көрсету барысында әділдікті ұстану және ұжымда заңсыздыққа жол бермеу, сыбайластыққа қарсы тұру керектігін айтты.
Сонымен қатар, Полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Абзал Сералиев полиция бөлімінің жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстары туралы атап өтті.
Атап айтқанда: Жалағаш АПб-нің басшылығымен күнделікті күн тәртібінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі түскен емес, яғни жыл басынан полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық әрекеттер мен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу бағытында бөлімнің кадр саясаты қызметкерлерімен топ құрылып, рейдтік шаралар жүргізіліп, жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту, әскери-қызметтік тәртіп пен заңдылықты нығайту жұмыстарында тәртіптік комиссиялардың ролін көтеруге бағытталған нақты шаралар қабылдануда.
Бұл бағытта Ақсақалдар кеңесі, ішкі істер органдарының ардагерлер мен тәлімгерлік кеңестері, офицерлер және полицейлер жиналыстары сияқты қоғамдық құрылымдар мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жеке құрам арасында құқық бұзушылықтар мен тәртіп бұзушылықтарға бой алдырмау, азматтармен ілтипатты сөйлесіп, қызмет атқару кезінде әскери қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау, жол көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында, апта сайын жеке құрамға өткізілетін әскери-қызметтік дайындық сабақтарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР ІІМ-нен және ОПД-нен келген нұсқаулар үнемі жеке құрам назарына жеткізіліп отырады.
Жиын соңында жобалық кеңсе мүшелері осы мазмұндағы түсіндірме шараларын барлық салада жалғастырмақ.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<