«Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы пайдалануға қосылды

920

0

Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлттық жоспарында жол-көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту жөнінде бірыңғай оператор қалыптастыру үшін стратегиялық инвесторлар тарту жайында айтылған. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халықына Жолдауында көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту бағытында нақты тапсырмалар берген болатын.
Аталған мақсаттарды іске асыру барысында аймақта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов атап өткендей, нақты кезеңде Қызылорда қаласындағы Қызылорда теміржол станциясынан 5 жұп №21/22 «Қызылорда-Алматы-Семей» № 55/56 «Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Қызылорда-Петропавловск», №89/90 «Қызылорда – Астана Нұрлы жол» (Тальго) және 617/618 «Қызылорда-Жезқазған» пойыздары ұйымдастырылған.
Сондай-ақ, 2014 жылдың 22 тамызынан бастап «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» темір жолы пайдалануға қосылған.
2017 жылдың шілде айынан бастап «Қала маңындағы тасымалы» АҚ-ның аптасына 5 күн (дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері) жүретін екі вагоннан құралған № 6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жаңа жолаушылар пойызы жүргізіліп, бүгінде  жергілікті халық оның игілігін көріп келеді.
Пойыздың жүру бағыты облысымыздың оңтүстік бағытындағы барлық темір жол бойындағы елді мекендерді (Белкөл, Бірқазан, Сұлутөбе, Тартоғай, Бәйгеқұм, Шиелі, Төменарық, Жаңақорған, Аққұм, Талап, Бесарық, Түркістан және т.б.) қамтиды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<