Жұлдызың жана берсін, Райля!

377

0

Қайраттылық -спортты ұдайы серік еткендердің еншісінде. Әсіресе, отбасы мен қызметін спортпен қатар алып жүрген нәзікжандардың ерік-жігеріне тәнтіболасың. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалының қызметкері Райля Қорғанбаеваның да өмірлік ұстанымы көпке үлгі.

Өзі ісімен, әділдігімен үлкенге де, кішіге де өнеге көрсете білген әріптесіміз Алматы қаласында пара пауэрлифтингтен өткен ҚР чемпионатынан олжалы оралды. Таласқа толы тартыста алтын жүлдені еншіледі. 

Райля 15 жылға жуық мемлекеттік корпорацияның жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасында қызметін абыроймен атқарып келеді. Еңбек жолын қарапайым инженерден бастаған ол бүгіндебас эксперт-топырақтанушы. Спортта да жеткен жетістігі жетерлік – ҚР спорт шебері, 12 дүркін Қазақстан чемпионы, Қазақстан және облыс құрамасының мүшесі. Сондай-ақ жеңіл атлетикада да жеткен жетістіктері жетерлік. Шахматтан, дойбыдан, қол күрестен түрлі дәрежедегі халықаралық жарыстарда, ел біріншіліктерінде жүлделі орындарға ие.

Кешегі Алматыда өткен жарыста спортшы қыз жеке көрсеткішін жоғарылатты. Енді ол келесі жылы Елордада өтетін Әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Ал біз әріптесімізді спорт саласындағы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Жұлдызың жана берсін, Райля! Біз сенімен мақтанамыз!

 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<