Жыл жанкүйері: Зағип ұлын жетектеген ана

409

0

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) Миландағы Ла Скала театрында жыл үздіктерін марапаттады. 8 аталым бойынша «The best» сыйлығы табысталды. Соның бірі – «FIFA Fan Award 2019» немесе «Жыл жанкүйері» марапаты. 
Биыл бұл аталым бойынша бразилиялық Сильвия Грекко үздік болып танылды. Ол өзі жанкүйерлік танытатын «Палмейрас» командасының жергілікті алаңдағы ойындарынан қалмауға тырысады. Өмірге уақытынан ерте келіп, көзінің ішкі тор қабығы дамымай қалған зағип ұлын да ойындардан қалдырмайды. Жарты келі болып дүние есігін ашып, аутизм дертіне шалдыққан ұлына алаңдағы ойын жайлы айтып отырып, көңілі бір жай табады.   
– Мен бала кезден футболды жақсы көремін. Футбол менің өмірім іспетті, ұлымның да. Біздің тағдырымызды өзгертуге септігі тиетіндей сезінемін. Біз футболды өнер ретінде жақсы көреміз, – дейді Грекко. 
Айта кетейік, өткен жылы бұл марапатты Перу құрамасының жанкүйерлері жеңіп алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<