«ЗИМНЯЯ ВИШНЯ» ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ӨРТТІҢ ЖАҢА ВИДЕОСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

334

0

 

Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня»  сауда орталығындағы өртте отбасынан айырылған Игорь Востриков YouTube желісінде оқыс оқиға кезіндегі эвакуация түсірілген жаңа видео жариялады, деп хабарлайды https://ria.ru/ .
        Бақылау камераларына түсірілген осы төрт минуттық видеода өрттің сол қанаттан басталғаны көрінеді. Осыдан кейін адамдар қарама-қарсы бағытқа қаша бастаған. Балаларды қорғап қалу үшін отқа ұмтылғандар да байқалады.  Бас-аяғы бір минутқа жетпейтін уақытта ғимарат ішін қалың түтін басып қалады. 

       Востриков баспалдақтағы қысылысқан адамдар жайлы да көрініс салып отыр.  Ол баспалдақтың ені 1 метрден сәл-ақ астам екендігін  айтады.   

«Бұл– сұмдық», — деген Востриков ТЖМ саласына реформа керектігін еске салады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<