Жол бойында жүк көлігі өртенді

242

0

Қызылорда облысында Алматыдан Ресей астанасы – Мәскеу қаласына бет алған жүк көлігіне тиелген заттар толықтай өрнетіп кетті.

Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының 1698 шақырымында болды. Бұл Қармақшы ауданы, Ақжар ауылы мен Жалағаш ауданы, Таң ауылын аралығын қамтиды.

«Аталған аумақта DAF маркалы жүк көлігінің тіркемесіне тиелген киім-кешек секілді заттар жанып кетті. Оқиға орнына Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 5 қызметкер 1 автокөлікпен жетіп, көлік тіркемесі толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз