Қармақшылық дихандар егіннен мол өнім алуды көздейді

391

0

Биыл Қармақшылық диқандар егіннен мол өнім алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз-конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов мәлім етті.
«Биыл ауа-райына байланысты шілде айының ортасында су тапшылығынан біршама қиындықтар туындады. Дегенмен, шаруалар өз шешімін тапты. Бір арна бойынан 3 аудан сумен қамтамасыз етілді. Қабылданған шаралар мен диқан қауымның тынымсыз еңбегі өз нәтижесін берді.
Жалпы, аудан диханшылары 3800 тонна элита, І-ІІІ репродукциялы күріш тұқымдарын екті. Сонымен қатар, 9495 тн минералдық тыңайтқыштар жұмсалып, 12 000 гектар алқап үстеп қоректендірілді», – деді С. Мақашов.
Айта кету керек,ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1 млрд 990,5 млн.теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,9 пайызға артқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<