Астана мен солтүстік облыстарды газбен қамту ғасырлық жоба болмақ

234

0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 әлеуметтік бастамасына орай Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасы халықтың сапалық деңгейін көтеруге жәрдемдесетін бастамалар көтерді. Әрқайсысын заңды түрде бекітуге тиіспіз. Мәселен, гранттардың көбеюі, салықтың азаюы, студенттерді жатақханамен қамту секілді бастамалар мұның бәрі көп кешікпей өз нәтижесін, жемісін береді деп ойлаймын. Халықтың тұрмысының сапасы едәуір артады. Ал Астана үшін ғана емес, 1 млн 700 мың адамы бар солтүстік аймақтарды газбен қамту мәселесін ғасырлық жоба деп айтуға болады.

Мұны жүзеге асырсақ Қазақстанның барлық аймағын және ел эконимакасын көтеруге әсер етеді. Бұл экологиялық жағынан да, ХХІ ғасырда өркениет тұрғысынан алып қарағанда өте бір үлкен деңгей болып табылады. Бәріміз жұмылып қызмет етуіміз керек, Үкімет пен жергілікті билікке үлкен сенім артылып отыр. Енді осының бәрін Парламент тарапынан заң жағынан бекемдей түсуі керек», – деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<