БАҒА ҚОЛАЙЛЫ, САПА ЖОҒАРЫ

275

0

 Облыс орталығын жылумен қамтамасыз ететін жылу орталығы 50 жылдан бері өз қызметін мінсіз атқарып келеді. Жұртқа жарты ғасыр қызмет еткен орталықтың тозығы жете бастағаны жасырын емес. Инвестициялық бағдарлама арқылы кәсіпорынды жөндеуден өткізу күрделі мәселенің шешімін табуына септігін тигізді. Мамандардың айтуынша, қабылданған инвестициялық бағдарлама аясында халықаралық қаржы институттарынан несие алынып, тозығы жеткен жылу станциялары жаңарды. Жылу желілеріндегі артық шығынды азайды. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақты болуына оң әсер етті.

Өңірлік коммуникация қыз­­меті алаңында өткен бри­финг­те «Қызылордажылу­электр­­орталығы» МКК дирек­то­ры­ның мінде­тін атқарушы Руслан Нұрмағанбетов биылғы жылу мау­сымында арыз-ша­ғымның азаюының бір себебі осында екенін атап айтты.

Шынында да қыстың қы­тымыр күнінде өзекті мә­селенің бірі саналатын жылу тұрақты әрі сапалы беріліп тұр. Тұтынушылар тарапы­нан шағым естілмейді. Демек, ең әуелі жылумен қам­та­­масыз ететін орталық мә­­­се­­­лесінің шешімін тапқаны көп кедергінің түйінін шешті. 2015-2020 жылдарға ар­налған инвестициялық бағдар­лама бо­­йынша 11 млрд теңгеге жуық қаражатқа кә­сіп­орын­ның негізгі және қосымша қон­дырғыларына жөн­деу жұ­мыстары жүргізілді. Атап айтқанда: «Нұрлы жол» бағдарламасы ая­сында 8,6 млрд теңгеге 32 шақырымға жуық әртүрлі диа­метрдегі магистралды және квар­таларалық жылу же­лілері мен су айдағыш насостық станция­ларына қай­та жаңғырту жұмыстары жүр­­гізілген. Сонымен қатар Еу­ропалық даму және қайта жаңғырту банкі несиесімен қуаттылығы 15 Мвт құрайтын 2 дана газтурбиналық қон­дыр­ғыға күрделі жөндеу, ор­талықтандырылған жылу жүйе­­лерін модернизациялау, жы­лу жүйесіне гидравликалық модельдің бағдарламасын орнату және автоматтандырылған дистанциондық басқару жүйесі енгізілген.

– Бұл өз кезегінде 50 жылдан астам жұмыс атқарып тұрған кәсіпорын қондырғылары мен жылу желілерінің едәуір жаңаруына септігін ти­гізді. Бу қазандықтары мен жаб­дықтардың сенімділігі мен өнімділігі артты. 30 МВт электр қуаты қалпына кел­тірілді. Жылу алмасу жақ­сар­ды. Гидравликалық режим жақ­сарып, қоректендіргіш су­­дың сапасы жоғарылады. Жы­лу жүйесіндегі шығын азай­­ды. Мәселен, 2015-2016 жыл­дары қазандыққа берілетін су шығыны сағатына 500-700 тон­наны құраса, қазіргі таңда бұл шығын көлемі 3-4 есеге азайды. Жылу желілеріндегі тех­­нологиялық апаттардың саны төмендеді, – дейді Р.Нұр­мағанбетов.

Тағы бір жағымды жаңалық, жаңа жылдан бастап жылу тарифінің төмендегені.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<