Байқоңыр қаласында су басу салдары жойылды

349

0

Өткен демалыс күндері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтері Байқоңыр қаласындағы су басу салдарын жою бойынша жұмыстардың негізгі бөлігін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Қардың еруі мен су құбырының жарылуы салдарынан 7-шағын ауданында арнайы техниканың көмегімен су сорып алынып, мұздар шығарылды. Дүйсенбі, 5 наурыздағы жағдай бойынша, №5 үйдің жертөлесі толығымен судан тазартылды, 4-шағын аудандағы №3 үйдегі суды сору жұмыстары жалғасуда. Қалалық ТКШ басқармасынан мәлім  еткендей, Авиационная көшесінде қозғалыс қалпына келтірілді.
Еске сала кетейік, Байқоңыр қаласының билігі бір апта бойы су құбырының жарылуы мен аяз салдарынан ушыға түскен су тасқыны жағдайларымен күресіп келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<