Беларусь құрамасының қорғаушысы «Қайсардың» намысын қорғайды

296

0

Беларусь құрамасының 26 жастағы қорғаушысы Сергей Карпович жаңа маусымда «Қайсардың» намысын қорғайды.


Минскінің «Динамо» клубының түлегі мансабында бірнеше беларустік командада доп тепкен. Олардың қатарында «Береза 2010», «Нафтан», «Минск», «Городея», «Торпеда Белаз» және «Ислочь» командалары бар.


Өткен маусымда «Ислочь» сапында 27 ойынға қатысып, 1 гол соққан. Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Сергей Беларусь құрамасына шақырту алып жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз