Дәрігер наннан толығымен бас тартса не болатынын айтты

655

0

Диетолог және эндокринолог Алена Барредо нанның барлық түрінен бас тартқан адамның ағзасында қандай өзгерістер болатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.


Диетологтың айтуынша, нан – көмірсу алмасуға теріс әсер етіп, инсулинорезистенттік шақыратын жылдам көмірсу.


«Мүлде нан жемейтін адамда инсулин мен глюкоза азайып, көмірсу мен липид алмасу қалпына келеді. Сондай-ақ триглицеридтер (майлар) мен жаман холестерин төмендейді. Ішекте патогенді бактериялар мен саңырауқұлақшалардың өсуі баяулайды. Осы ырқылы бірлескен микробиотаның өсуіне мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді дәрігер.


Сондай-ақ, маманның айтуынша ең пайдалысы кебек пен жасұнығы бар тұтас дәнді нан ең пайдалы өнім саналады. Өйткені ол «инсулин мен глюкозаны арттыратын барлық нан түрлерінің ішіндегі ең бейтарабы» көрінеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<