Гүлшара Әбдіқалықова праймериз үміткерлеріне өз таңдауын жасады

277

0

“Nur Otan” праймеризі партия лидері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтіп жатыр. Бір жарым айға жуық созылған саяси доданың үздіктеріне дауыс беру Сыр өңірінде де қызу өтуде.

Бүгін Қызылорда облысының әкімі, Гүлшара Әбдіқалықова партия мүшесі, облыстық партия филиалының төрағасы ретінде А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде орналасқан № 13 дауыс беру орнына келіп, лайықты деп таныған азаматтарға веб портал арқылы онлайн дауыс берді.

Филиал төрағасы праймериз шараларының басым көпшілігінің онлайн форматтарда өткізілуі партияластар үшін, үміткерлердің бағдарламаларымен кеңінен танысуға мүмкіндік бергенін және онлайн дауыс берудің алғаш рет өкізілуіне қарамастан жерлестеріміздің белсенді қатысып жатқандығын айтады.

«Әлеуметтік желілерде ашық өткізілген дебаттар көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Мен барлық үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарымен таныспын. Үгіт жұмыстарының ең бір ауқымды кезеңінде жария пікір сайысқа қатыстым. Үміткерлер өздерін жан-жақты көрсетуде. Еліміздің дамуына, өңіріміздің әлеуметтік эконмикалық көрсеткіштерін арттыру бағытында көптеген мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын ұсынып жатыр. 1 қазаннан басталған дауыс беру барысы да Праймериздің ашық өткізіліп жатқанын көрсетуде. Дауыс беру барысы жеңіл және түсінікті түрде ойластырылған. Бүгін дауыс беру арнайы орындарда онлайн форматта және шалғай ауылдарда бюллетень арқылы өткізілуде. Бүгін мен де Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасын қолдап, өз таңдауымды жасадым. Бұл тұрғыда өңірдегі барлық партияластарымызды мықты көшбасшыларды таңдау үшін дауыс беруге толық қатысуға және өз таңдауларын дұрыс жасауға шақырамын», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Атап өту керек, Қызылорда облысы бойынша 485 үміткер бақ сынауда. Облыстың қалалары мен аудандарында дауыс беруге арналған 133 орын анықталды. Олардың 103-де дауыс беру онлайн форматта, ал интернет желісінің жылдамдығы төмен елді мекендердегі 30 – дауыс беру орындарында қағаз бюллетеньдер арқылы жүргізілуде. Нақты кезеңде өңірдегі 43742 партия мүшесінің 80 пайызға жуығы онлайн дауыс беріп үлгерді. 6956-і қағаз бюллетеньдер арқылы өз таңдауларын жасамақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз