Халықаралық жоба конкурсынан облыс балалары жүлделі болды

282

0

Облыс мақтаныштары бүгінгі күні еліміздің мақтанышы атанып отыр. Ел игілігі үшін еңбек етер, саналы да салиқалы ұрпақтың өсіп-өркендеп келе жатқандығына тағы бір дәлел!

2018 жылдың 27 ақпаны мен 6 наурыз аралығында Оңтүстік Корея Республикаласы Дэджон қаласында өткізіліп жатқан «Жас ғалым» Халықаралық жоба конкурсына облысымыздан 4 оқушы аттанып, нәтижесінде барлығы да білімнің асқар шыңынан, ғылымның төрінен орын алды. Халықаралық деңгейде оқушыларымыз өз білімдерін дәлелдеп І, ІІ, ІІІ орындарға қол жеткізді.

Ақпан Дінмұхамед Жұлдызбайұлы І орын иегері;

Демиденко Евгений Александрович І орын иегері;

Бекетов Мағжан Нағиұлы ІІ орын иегері

Валишаева Диана Исмуакметқызы ІІІ орын иегері

Жетекшілері: Ақышева Қарлығаш Дауылбайқызы

Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, ата-аналарына, ұстаздарына, мектеп ұжымына, білім бөлімдеріне және жетекшілік жасап, жауапкершілік алған Қарлығаш Дауылбайқызына зор алғысымызды білдіреміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<