Ілияс Әмірсейтов «Қайсардың» намысын қорғайды

1307

0

Республикалық спорт порталдарында Ілияс Әмірсейітов басқа командаға ауысуы мүмкін деген ақпар тараған болатын. Бұл жөнінде «Қайсар» командасының баспасөз қызметі ол ақпараттың шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді.


Ілияс қазіргі таңда «Қайсармен» бірге жаңа маусымға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, 31 жастағы қорғаушы Ілияс Әмірсейтов жыл соңына дейін қызылордалық клубтың намысын қорғайды.

Ілияс қызылордалық командада 2017 жылдан бері ойын көрсетіп келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<