МАҚСАТТЫ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІН БЕРЕДІ

358

0

Сыбайлас жемқорлық атты дерттің ұшқыны қай елде болсын кездесіп жатады. Дегенмен, әлемдік рейтингтерде экономикасы дамыған елдердің сыбайлас жемқорлық деңгейінің өте төмен екендігін байқауға болады.
Осы ретте, біздің ел де әлемнің дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру жөнінде үлкен мақсат қойып отыр.
Алға қойылған мақсатқа жету жолында, оның ішінде инвесторларды тарту, бизнес ортаны дамыту үшін сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету қажет.
Бұл бағытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен қоса, оның жолын кесуде біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен облысымызда бірқатар шаралар атқарылды. Тұрғындар, ұжымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ, жастар арасында түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықты жоюдың ең басты механизмі ол барлық азаматтар қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайларға бей-жай қарамай, өздерінің азаматтық позицияларын білдіру болып табылады.
Осы ретте, «Өзгерістерді өзіңнен баста», «Азаматтық бақылау» жобаларын айтуға болады.
Бұған қоса қоғамдық ұйым, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйым, саяси партиялар өкілдері, блогерлер мен мемлекеттік орган қызметкерлерінен әр аймақта Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалуына талдау және бағалау жасайтын мониторингтік топтар құрылған. Ол құзыретіне сәйкес  тиісті мемлекеттік органдарға өз ұсынымдары мен ескертпелерін айтып отырады. Сонымен қатар, арнайы мониторингтік топ мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, яғни, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына әкеліп соғатын себептерді анықтау мақсатында сыртқы талдау жұмыстарына белсенді қатысуда.
Осы жұмыстар негізінде 2018 жылғы 22 ақпанда Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі (бұдан әрі – СТИ) Транспаренси Интернешнл  ресми  мәліметіне сәйкес, Қазақстан 31 ұпай жинап және әлемдегі 180 елдің арасында 122-орынды иеленді. Бұдан 2016 жылмен салыстырғанда өзінің көрсеткіштерін 2 ұпайға және 9 позицияға жақсартқанын көруге болады.
Қазіргі таңда СТИ-де 31 ұпайға қол жеткізу рейтингке алғаш қатысқан сәттен бастап (1999 жылдан) Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Бұл рейтингті қалыптастыру кезінде 9 халықаралық агенттік зерттеулерінің нәтижелері қолданылды. Оның 6-ы бойынша елде сыбайлас жемқорлық көрсеткіштерінің жақсаруы байқалған.
Қорыта келе, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша еліміз бүгінгі күні тиімді амалдар қолданып, дұрыс жолда келе жатқанын айтуға болады.
А.МҰХИМОВ,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша
департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<