Назарбаев Қызылордадан Астанаға газ жеткізілетінін айтты

150

0

Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында Нұрсұлтан Назарбаев елді дамыту үшін 5 ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Today.kz.

Елбасы білдірген ұсыныстың бірі – елдегі газ мәселесін шешу. Назарбаев жақын арада елдегі газ мәселесі толықтай шешіліп, Қызылордадан Астанаға газ жеткізілетінін айтты. 

«Алдымен Астанаға газ жеткізейік. Содан кейін Павлодар, Қарағанды сияқты қалаларға жеткіземіз. Газ мәселесін 1-1 жарым жылдың ішінде шешу керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысы өтті. 

Жиын кезінде Елбасы бірнеше тапсырма берді. 

Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарға берілетін шағын несиенің көлемін 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды.