Облыс әкімінің орынбасары Қармақшы ауданында болды

686

0

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барды. Мақсат – дәріханалардағы дәрі тапшылығының алдын алу, аудан ауруханаларындағы қазіргі ахуалмен танысу.


Сапар Төретам кентіндегі емхананың жұмысымен танысудан басталды. Мұнан соң бағыт «Арзан-фарм» дәріханасына бағытталды. Мұндағы сөрелер қажет дәрі-дәрмекпен толыққан. Егер дәрі таусылса екі күн сайын тапсырыспен уақытылы жеткізіліп отырады. Бір қызығы, ұзын-сонар кезектен көз ашпайтын дәріхананың алдында тұтынушылар қатары сиреген. Фармацевттің айтуынша, кезек соңғы 2-3 күнде азайыпты. Ал қажет дәрі қолжетімді бағада сатылуда.

Одан соң сапар Байқоңыр қаласының әкімшілік басшысымен кездесуге ұласты. Келелі кездесуден соң көпбейінді аурухананың, Ақай ауылындағы Төретам ауылдық ауруханасының жай-күйімен танысты. Сондай-ақ сапар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы балалар кітапханасы ғимаратына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмысында жалғасын тапты. Аудандық балалар кітапханасының ғимараты 1990 жылы пайдалануға берілген. 2020 жылы «Жұмыспен қамту 2020-2021 жол картасы» бағдарламасымен қаржы бөлініп, бүгінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шарт бойынша бұл 31 тамыз аяқталмақ.


Серік Әбжәлелұлы сапар барысында кент орталығындағы ЖК «Кенебаева» дәріханасына аяңдады. Мұнда кей дәрілер болмаса да, оның орнын ауыстыратын қажет дәрілер бар. Егер таусылса, тапсырыс беріп, екі күнде алдырып отырады. Одан соң аудандық емхананың жұмысымен танысты. Мұнда ол індетпен күресуге көмек көрсетіп жүрген жомарт жандармен кездесіп, игі істеріне алғысын айтты.

Ал аудандық аграрлы-техникалық колледжіндегі ұйымдастырылған карантиндік стационарға барған Серік Ахмет мұндағы жұмыспен танысып, санитарлық-профилактикалық талаптардың орындалуын бақылау үшін құрылған мониторингтік топ мүшелерімен кездесті.

Айнұр ӘЛИ,

Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (суреттер)

«Қармақшы таңы» газеті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз