ОБЛЫС ӘКІМІ СЫР СПОРТШЫЛАРЫНА ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

398

0

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев грек-рим күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Айдос Сұлтанғалиды, байдарка және каноэде есуден III жасөспірімдер Олимпиада ойындарының чемпионы Диас Бахраддинді, байдарка және каноэде есуден Азия ойындарының қола жүлдегері Мерей Медетовті, дзюдодан III Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері Азамат Тұрымбетовты, отырып ойнау волейболынан Пара Азия ойындарының қола жүлдегерлері Эрик Қасқабаевты, Шыңғыс Медеуовті, Алмат Манабаевты және парадзюдодан Әлем чемпионы Олжас Оразалыұлын қабылдады.
Облыс басшысы спортшыларды жеңістерімен құттықтап, Диас Бахраддин мен Олжас Оразалыұлына жаңа пәтер кілттерін, Айдос Сұлтанғалиға – 3 млн теңгенің, Мерей Медетов пен Азамат Тұрымбетовке – 1 млн теңгенің, Эрик Қасқабаев, Шыңғыс Медеуов, Алмат Манабаевтарға – 500 мың теңгенің сертификаттарын табыстады.
Сыр спортшылары әлемдік ареналарда көптеген жоғары табыстарға қол жеткізуде. Биылғы жылы спортшыларымыз Қазақстан, Азия, Әлем чемпионаттарына қатысып, 1500 медальдарды иеленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 700 медальға артты.
Сыр спортшылары мұндай биік жетістіктерді бағындыруы – спортқа деген қолдаудың артып отырғандығының дәлелі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<