Қала аумағында «Демалыс» іс шарасы басталды

860

0

Қызылордада 26-30 наурыз аралығында қала аумағында «Демалыс» атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.


Бұл шара жасөспірімдер арасында қылмысты болдырмау, кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілсіз болу және ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болу фактілерін анықтауға арналған.

Сонымен қатар, ол кәмелетке толмағандарға алкогольді, темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау, сондай-ақ, ересек тұлғалардың кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға итермелеуінің алдын алу мақсатында жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<