Қазалы ауданының әкімі халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады

822

0

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі Ибрагимов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Ибрагимов көшесінің тұрғындары бірнеше мәселелерді ортаға салды. Олардың ең бастысы – көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, байланыс бағаналары мен ауыз су құдықтары да тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіретінін жасырмады.
Аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап болған соң, Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа байланыс бағаналары мен ауыз су құдықтарына қатысты тиісті мекеме басшыларымен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көше тұрғындарына қолайлы жағдай туғызуды тапсырды.

Сонымен қатар, қаржының мүмкіндігіне қарай Ибрагимов көшесіне гравий тас төсеу жолдарын қарастыру қажеттігін айтты.
Мұнан соң аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Айбергенов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын көрді.

Қазіргі таңда аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға Айбергенов көшесі №4, №10 үйлердің ауласына әжетхана мен сарқынды су төгетін орын дайындалуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<