Қызылордада ер адамның велосипед ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды

732

0

Қызылордада ер адамның велосипед ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында полиция қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде. 21 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала аумағындағы сауда орталығының алдында тұрған TRINX велосипедін ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.

Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында қызметкерлер ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Жәбірленушіге велосипеді қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

https://www.youtube.com/shorts/Jzk0rZN5LHE

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<