Қызылордалық полицейлер жоғалған 101 бас малды тауып берді

566

0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімшесі қызметкерлері Руслан Байзақ пен Нұрлан Төлебаевтың жедел әрекеттерінің нәтижесінде бір тәулік ішінде облыс тұрғынына жоғалған 101 бас малы қайтарылды. Оның ішіндегі 85-і сиыр, 16-сы жылқы.


Облыс орталығының тұрғыны, тыл ардагері, 85 жастағы қария Есегенов Жарболат жайылымда жүрген 101 бас малы жоғалғаны туралы полицияға хабарлама түсірген.


Аталған хабарлама бойынша, Ақсай полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, тиісті бағыт-бардар берілді. отырып, барлық елді -мекендердегі шаруа қожалықтары, жайылымдық жерлер мен шалғайлар толығымен араланып, нәтижесінде Қызылорда- Жезқазған трассасында жоғалған малдары табылып, иесіне тапсырылды.


Өз кезегінде, Жарболат ата: «Мен, полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне, олардың қамқорлығына тәнті болдым. 102 арнасына хабарлама түсіргеннен кейін, бұлай тез арада 100-ден аса малым тәулік ішінде табылады деп еш ойламаппын. Сіздерге, қызметтеріңізде абырой, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Халыққа жасаған қызметтеріңіз сіздерге екі еселеп қайтсын» , деп өз батасын берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<