Сексеуіл кентінде сейфтен ақша ұрлап кетті

931

0

Қызылорда облысында ЖШС ғимаратындағы сейфті бұзып, 4 млн теңгеге жуық ақша ұрлаған үш күдікті анықталды.

Наурыздың 17-нен 18-не қараған түні белгісіз біреу Арал ауданы Сексеуіл кентінде орналасқан ЖШС ғимаратының есігін сындырып кіріп, ішінде тұрған темір сейфті бұзып, үш милион жеті жүз мың теңге ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде, “ізін суытпай” үш күдікті азамат, 22-23 жастағы кент тұрғындары анықталып, ұсталды. Күдіктілер АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақты зат ретінде ұрланған ақша алынды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<