Сенатор қызылордалық бүлдіршінге сый жасады

417

0

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзімен аттас қызылордалық бүлдіршінді туған күнімен құттықтады. Мемлекет қайраткерінің сый-сияпатын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес табыс етті.
Аймақ медицинасының ардагері Үсен Мақажанұлы былтыр дүниеге келген он бірінші немересінің есімін саясат саласындағы салмақты тұлғаның құрметіне орай Қасым-Жомарт деп қойған болатын. Бір жасқа толған туған күнінде балақай ағасының құттықтауын қабыл алды.
– Ержан Айтөреұлы шаңырағыма келіп, сенатордың сәлемдемесін жеткізіп, қуанышымызға ортақтасты. Сол үшін де алғыс білдіремін. Қай ата-ананың да бар байлығы – балалары. Немереміздің Қасым-Жомарт ағасы секілді еліне адал қызмет етер азамат болып өсуіне тілектеспіз, – дейді Үсен Мақажанұлы.

«СБ»-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<