Тарих пәні мұғалімдерінің облыстық фестивалі өтті

623

0

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтында «Қазақстанның БҰҰ құрамына кіргеніне 30 жыл» және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Жаһандық құзыреттілік: жергілікті және ғаламдық мәселелерді оқып-үйренудегі өлкетанушылық компонент» атты тарих пәні мұғалімдерінің облыстық онлайн фестивалі өтті.

Фестиваль заманауи педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді, білім беру мәселелері бойынша кеңес беретін, өңіріміздің үздік тарих пәні мұғалімдерінің озық тәжірибе алмасуда өз тәжірибесінде жаһандық құзыреттіліктерді оқыту мен оқудағы осы заманғы озық жаңашылдық идеяларын көрсету мен тарату, жергілікті және ғаламдық мәселелерді оқып-үйренудегі өлкетанушылық компонентті кіріктіру жолдары туралы озық әдістемесімен бөлісу мақсатында өткізілді.

Тәжірибе алаңына 70-тен аса бейнематериал келіп түсті. Фестивальдің сараптау алқасы жұмыстарды қашықтықтан саралап, 45 бейнесабақты үздік деп бағалады. Фестиваль қатысушылары «Үздік сабақ – 2022» дипломымен марапатталды. Бейнематериалдар филиалдың медиақорына жүктеліп, педагогтер тәжірибесі «Youtube» желісі арқылы таратылады.

Раушан Өмірбекқызы Мәрсәлі,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының

аға оқытушысы, тренер

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<