Тасарық ауылында мектепте бу қазандығы іске қосылды

1040

0

Бірнеше күн бұрын Қазалы ауданы Тасарық ауылындағы N238 орта мектебінің бу қазандығы жарылған болатын.


Ең бастысы, ешбір адам зардап шекпеді, барлығы дін аман. Балаларға ешқандай қауіп жоқ, алаңсыз білім алуын жалғастырып жатыр.


Айтып келмейтін апат орын алған жағдайда шұғыл шешім қабылдап, барлығын қалпына келтіру үшін бірлесе күш жұмсалады.


«Мектепте 113 оқушы білім алады. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының бір блогын жылыту үшін электрлі бу қазандығы іске қосылып, оқушылар жылы кабинеттерде оқуын жалғастыруда. Мектепті толық қуатты жылумен қамтамасыз ету үшін модульді бу қазандығын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп мәлім етті аудандық білім бөлімінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<