Түркияның білім ордасымен бірлескен сабақ өткізді

503

0

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Түркияның халықаралық Ышыкент білім ордасымен бірлескен сабақ өткізді.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шара Қазақстанның дамуы мен айтулы оқиғаларына арналды. Сыр бойылық өрендер түрік достарына мемлекетімізде тәуелсіздік жылдарында жүргізілген реформалар мен қазіргі даму барысы туралы баяндады.

Виртуалды телекөпірге Түркиядағы Измир қаласындағы халықаралық Ышыкент мектебінің білім алушылары қосылды. Қос елдің жастары Қазақстан мен Түркия арасындағы білім, мәдениет, саясат және экономика салаларында бірлескен жобалары туралы сөз қозғап, пікірлерін білдірді. Сондай-ақ көрші елдің азаматтары барша Қазақстан халқын айтулы мерейтоймен құттықтап, келешекте барлық салалар бойынша өркендеу мен табысты даму тіледі.

«Бүгінгі бастама алдағы уақытта жаңа бірлескен жобаларға негіз болатынына сенімдімін», – деді халықаралық мектептің академиялық үйлестірушісі Людмила Бойсан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<