Уругвай мен Эквадор Әлем чемпионатының финалдық сатысына шықты

568

0

Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты финалдық сатысына берілетін жолдамаға тағы екі құрама ие болды.

Әлем чемпионатына Оңтүстік Америка құрлығынан іріктеу турнирінде Уругвай мен Эквадор жеткілікті деңгейде ұпай жинады. Нәтижесінде олар биыл желтоқсан айында Катарда өтетін дүбірлі додаға жолдамаға қол жеткізді. Бұған дейін аталған құрлықтан әлем чемпионаты финалдық сатысына қатысу мүмкіндігіне Бразилия мен Аргентина ие болған еді.

Оңтүстік Америка құрлығынан іріктеу турнирінде бесінші орын алған құрама Азияда төртінші сатысында жеңімпаз атанған құрамамен әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салады. Жарыстың аталған сатысы бір ойыннан тұрады.

Бүгінге дейін әлем чемпионатының финалдық сатысына алаң иесі – Катар, Еуропадан – Германия, Дания, Франция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария, Нидерланды, Азиядан – Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабияс құрамалары шыққан болатын.

Енді Африка, Солтүстік Америка және мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирлері өткізілуде.

Әлем чемпионаты 21 қараша мен 8 желтоқсан аралығында Катарда өткізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<