Қазалыда Әйтеке биге арналған ескерткіш ашылды

80

0

Бүгін Қазалы ауданында облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қатысуымен Әйтеке би бабамызға арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өткізілді. Салтанатты жиында сөз алған өңір басшысы Қырымбек Елеуұлы қазалылықтарды Алаштың үш биінің бірі, әділдіктің алдаспаны атанған Әйтеке биге арналған ескерткіштің ашылуымен құттықтады. Аймақ басшысы ауданда соңғы уақытта атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
Сонымен қатар аудан тұрғындарының атынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов сөз сөйлеп, аймақ басшысына өзінің ризашылығын жеткізді.
Әйтеке бидің ескерткішін ашылу салтанатынан соң гүл шоғы қойылып, ата-баба рухына құран бағышталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз