ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ 200 ОҚУШЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫНА ҚАТЫСТЫ

304

0

  Дәстүр бойынша мерекелік шараға оқу озаттары мен өнерлі оқушылар, облыс бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері, барлығы 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды.  

Мерекелік іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауымен ашылды. Шараға Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев қатысып, балаларды жаңа жылдарымен құттықтады.

«Бүгін республика көлемінде Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен Президент шыршасы ұйымдастырылуда. Сіздердің халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларда, шығармашылық және спорттық сайыстарда жетістікке жеткендеріңіз қуантады. Әрқайсыңыз болашақта Қазақстан Республикасының атын әлемге әйгілі етеді деп сенемін!» – деді аймақ басшысы. Оқушылар облыс әкіміне жан-жақты көрсетіліп жатқан қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыстарын айтты.

Іс-шара мерекелік концертке ұласып, балаларға арнап дастархан жайылып, сыйлықтар берілді – «Bilim book» жинағы табысталды. Сонымен қатар, жаңа жылдық мереке аясында балаларға қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Рухани жаңғыру» орталығына, «Мұз айдынына» барды және Қызылорданың басқа да көрікті жерлерін аралады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<