Заңсыз қару-жарақ алып жүрген тұрғын анықталды

562

0

Қызылорда облысында заңсыз қару-жарақ алып жүрген тұрғын анықталды.

Қызылорда облысында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

21 наурыз күні сағат 12:00 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен аймақты аралау барысында ауыл тұрғынының далалық жерде ІІО-да тіркеуде жоқ, 16 калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығы мен алты патрон заңсыз алып жүргені анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<