Жастар жылы, қош келдің!

1057

0

Жастар жылы басталды. Көкейдегі сауал: бұл жылдан не күтеміз? 4 миллионға жуық жас тұратын елімізде жыл табысты өтуі үшін не істеу керек? Белгілі, биыл қоғамға қозғау салатын кешенді жобалар көбірек бастау алады. Былтырғы жыл да жастар үшін табысты өткен еді. Айталық, талапкерлерге қосымша 20 мың гранттың бөлінуі осы сөздің айғағы. Ал 2022 жылға дейін 75 мың адамға арналған жатақханалар салынбақ. Біздің облыста жастарды қолдау қай деңгейде? Ұйымдар биыл жоспарға қандай жоба енгізді? Жалпы, бүгінгі жастардың бейнесі, талғамы мен таңдауы қандай? Олар не ойлайды, нендей ұсыныстың ескерілгенін қалайды? Көшбасшы және шетелде білім алған жастармен бірге осы сауалдың жауабын іздедік.
Аймақта қарымды да,алымды жаңа толқын үшін мүмкіндік мол. Облыстық жастар саясаты мәселелерібасқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақовтың айтуынша, бүгінде 60-тан астамәлеуметтік жоба жүзеге асуда. Тіпті Сырдарияның сол жағалауында жастарға қызметкөрсететін орталықтың бой түзеуі, NEET санатындағы жұмыссыз, маргинал жастардыңбылтыр 9,5 проценттен 8,3-ке төмендеуі қолдаудың қарқынды, жұмыстың жүйеліекенін аңғартса керек. «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы-2020»,«Қолжетімді бас­пана-2020», «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы тұрғын үймен жұмыс мәселесін қатар шешкен жастар жеткілікті. Мыңдаған жергілікті жастыңшетелде білім жетілдіруі, әр салада кәсіби тұрғыда мықты кадр қалыптасуынаықпал еткен. Өткен жылы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің «Free Englishclub» жобасын іске асырып, «Zhas project» аясында 266 жобаның қайтарымсызгрантпен қаржыландырылуы өңір жастарына үлкен сенім артылғанын байқатты. Албиыл облыста бұл саладағы істер үлкен серпіліспен жалғасын таппақ. Жоғарыдаатап өткеніміздей, жастар мәселесі жөнінде олардың өзімен хабарласқан едік,пікірлері мен ұсыныстарын былай түйіндеді. 

Тәжірибе алмасу ісі қатаң қадағаланса

Сабыржан Кеңшілік, «Сана» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының президенті:

– Бүгінгі жастарда көп дүниеге сұраныс бар. Ба­сым бөлігінің көзі ашық, өзін­дік талғамы, таң­дауы қа­лып­тасқан. Бірақ сұраныс екі түрлі бағытта: бірқатары инновацияға, шетелде білім алуға бет алған. Кейбірі керісінше мәдениетке жат дүниелерге бейімделуде. Алайда, жастарда сұраныс болуының өзі жетістік. Біз керісінше жастар қызығатын дүние таппай қалудан қорқуымыз қажет. Шетелдік топтарға қызыға ма, әлеуметтік желіні жиі қолдана ма, мейлі. Бастысы, оларда талғам бар. Демек, оларды дұрыс таңдау жасауға итермелеуге болады. Сондай-ақ, қазір жастардың көбі жақсы өмірді қалайды, сын айта алады. Бұл да дамудың белгісі. Себебі, бірдеңені дұрыстайтын, дамытатын адамдар алдымен сын айтуды үйренуі керек қой.

Өз ойым, жастарды көп қолдаудың қажеті жоқ. Оларға мүмкіндік пен таңдау беру керек секілді. Пайдалануы не немқұрайлы болуы өз еркінде. Бастысы, жетістікке жету жолында қиындықты өзі еңсеріп үйренуі қажет. Әйтпесе, инфантильді, қолынан түк келмейтін, жалтақ жастар көбеюі мүмкін. Бүгінде «бизнес аштым, қолдау керек. Кәсібім жүрмей қалды, мемлекет кінәлі. Жұмыс тауып беруі керек» дейтін жастар көбейді. Мұндай көзқарастағы жастардың саны артпауы үшін алдын алу керек секілді. Жалпы, Үкімет тарапынан жастарға қолдау жан-жақты. Өткен жылы мемлекетте кәсіпкерлерге көп мүмкіндік берілді. Салық жүйесінде, сотта да, тіпті қарапайым тексеру кезінде де мемлекет кәсіпкерге жақ болды. Биыл жастарға мүмкіндік беріліп, жас­тар көбірек іздену керек. Сондай-ақ, бұл жылы оқу орындарындағы тәжірибе алмасу мәселесіне қатаң қадағалау болса. Білім алу кезінде өндірістік тәжірибе алмасуға бармаған, жұмыстың қиындығын көрмеген, түсінбеген түлектер көпке дейін мамандығы бойынша жұмысқа тұра алмайды. Біліміне сенімсіз адам өзіне де, болашағына да сенімсіздік танытатыны белгілі. Сондықтан, оқу орындарында бұл механизм күшейтіліп, қатаң қадағаланса деймін.


Ауқымды акцияны бастамақшымыз
Талғат Тілес, облыстық «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы

– Өткен жыл «Нұр Отан»партиясы және «Жас Отан» ЖҚ үшін табысты өтті. «English for jastar» жобасыаясында 350-ге жуық оқушы ағылшын тілін үйренсе, «Білім орталығы» жобасыбойынша барлық аудандағы кітап­хана­лар жаңғыртылды. Жастардың уақытын тиімдіөткізетін білім орталығына айналды. «Сәтті қадам» жобасы арқылы 8-11 сыныпоқушыларын кәсіпорын, цех, зауыт жұмысымен таныстырып, сала мамандарымен сұхбатұйымдастырдық. Мамандық таңдауда көзбен көріп, көңілге түйгеннің пайдалыболатыны белгілі ғой. Ал, жастар жылына орай облыстық «Жас Отан» ЖҚ тыңбастамаларды жоспарға енгізуде. Республика бойынша «Жастар жылындағы жетістік»атты ауқымды акцияны бастамақшымыз. Шарада әрбір жас биыл бағындырғанбелестерін, жеңістерін әлеуметтік желіге «#JJJ2019» белгісімен жариялап отыруықажет. Жыл соңында акция қорытындыланып, жеңімпаз жастар туралы арнайы жинақшығарылады. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, жастар арасындағыкәсіпкерлікті дамыту мақсатында жұмысшы топ құруды жоспарлап отырмыз. Мұнанөзге, жастар мәселесін талқылау үшін форум, вайнерлер байқауын, жас тарихшыларконференциясын өткізбекшіміз. Ал, атқа міну мәдениетін жалғастыру, дәстүрдіқайта жаңғырту мақсатында наурыз мерекесі секілді үлкен көлемдегі «Ұлы далаелі» атты жастар фестивалін ұйымдастыру ойда бар. 

Болашақтағы перспективалармен қызықтыру керек

Еламан Меңдіқұл, «Мәскеу болат және қорытпалар институты» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің түлегі

– Жастар жылына қатыстыбастамалар рес­публикада енді ғана күш алып келе жатқаны болмаса, аймақта облысәкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен жастарды қолдау бірнеше жылдан бері ісжүзінде жүзеге асып келеді. Көршілес Ресейде білім алып, елге оралған алғашқытүлектер – осы бастаманың оң нәтижесі. Тіпті, бұл – басқа облыстардағы атқарушыбилік өкілдеріне жақсы идея. 

Мен де облыс әкімдігініңқолдауымен осы мүмкіндікке ие болған жас ретінде салыстыра айтар болсам, екіелдің жастары бірдей деңгейде. Мемлекет тарапынан жасалатын жағдайға келерболсақ, қоғамдық көлік жолақысына жеңілдікке бізде мектеп оқушылары ғана иеболса, Ресейде студенттер мен магистранттарға да жеңілдік қарастырылған.Меніңше, біздің ел жастарына мамандық таңдауда, ЖОО-ға тапсырарда көбіреккөмектесу қажет. Оқушы кезінде дұрыс мотивация беріліп, әлемдік деңгейдегіЖОО-ға не жұмыс орнына керекті құжаттар тізімін көрсете отырып, болашақтағыперспективалармен қызықтыра білсе жақсы болар еді. Мұнан артық жастарғақолдауды білмедім. Әйтпесе, бірен-саран әбден ізденіп, зерттейтіндер болмаса, көпшілігі шетелде оқу мүмкіндігінен бейхабар қалып жатады. Дәл осы секілді,отандық кәсіпорындардың қолдауы, жастарға қарастырылатын жеңіл­діктер туралыжастар арасында үгіт-насихат жүргізілсе, артықтық етпейді. «Сайтта бар,интернетте тұр ғой» дегенмен, көбі дәл уақытында білмей қалып жатады. 

Тақырыптың тоқетері. 
Қалай десек те, Жастар жылында республика бойынша, аймақтарда ауқымды жобалар іске асатыны анық. Бірақ,бастысы – жастардың мүдделі болуы, шеберлік шыңына ұмтылуы. Білімге құштар, өзіне сенімді жастар ғана мүмкіндікті көре алады. Ол үшін талғам терең, өзіңе талап жоғары болуы керек. Жастардың тек осындай мәселесіне ғана мемлекет тікелей әсер ете алмауы мүмкін. Сондықтан, барша жасқа бұл жыл берекелі болғай!

Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<