ЖЕМҚОРЛЫҚ БІЗДЕН ЖЫРАҚТА

351

0

Сыр өңірінде биылғы жылы сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында бірқатар нақты жобалар жүзеге асты. Атап айтар болсақ, жақында «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының облыстық штабы құрылды. Оқу орындарында «Адалдық дүкені» ашылуда. Тағы бір атап айтарлығы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мемлекеттік орган басшыларына биыл Жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда тойлаудың орнына қайырымдылық шараларын өткізуді ұсынып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды.
Брифингке ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша де­партаменті бас­шысының орын­басары Б.Бай­хожаев, облыстық ар­найы мо­ни­торингтік топ же­текшісі А.Із­ден қатысып, ай­мағымызда сыбайлас жем­қор­лықпен кү­ресу мақсатында жүр­гізілген жұ­мыс барысына тоқталды.
Жақында Елбасының биыл­ғы Жолдауында айтылған «Сы­байлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасын жүзеге асыру тапсырмасы бойынша елор­да­ның тәжірибесі негізінде өңі­рімізде «Ақмешіт – адалдық ала­ңы» жобалық кеңсесі ашылды.
– Жобалық кеңсе сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, оған қарсы төзбеу­­ші­лікті қалыптастыру бойын­ша жұмыс жа­сай­ды. Респуб­лика бой­ынша сыбайлас жем­қор­лық фактілері жиі кез­де­сетін бі­лім, денсаулық, сәулет, қала құрылысы және жер қаты­нас­тары, халықты әлеу­меттік қор­ғау, мемлекеттік кірістер, сот және құқық қорғау органдары қызметтеріне талдау жүргізеді, – дейді Б.Байхожаев.
Сондай-ақ, «Адал ұрпақ» еріктілер то­бының облыстық штабы жақында өз жұмысын бастады. Айта кетелік, мұндай штаб елімізде алғаш рет құ­рылып отыр. Құрамында 16000 оқушы бар еріктілер тобының жұмысын үйлестіріп, оларға әдіс­темелік көмек көрсететін ар­найы орта­лықтың болмауы бү­гінге дейін қиындық туғызып келсе, бұл мәселе де шешімін тапты.
Ел назарын аударған «Адал­дық дү­кені» Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мем­ле­кеттік университетінде ашылды. Бұл дүкенде сатушы жоқ, тіпті бей­небақылау құрылғылары да ор­натылмаған. Оқытушы­лар мен студенттер дүкеннен қа­лаған за­тын алып, ақшасын арнайы жәшікке  төлеп кете береді. Бұл жоба жастарды адалдық пен се­німді ақтауға тәрбиелейтіні сөзсіз.
Брифингте атап айтылған­дай, тұрғын­дардың сыбайлас жем­қорлық мәселесіне көзқа­растарын анықтау мақсатында «Сыр медиа» ЖШС-ның «Ақпа­раттық талдау орталығы» жүр­гізген әлеуметтік зерттеуіне қа­тысқан тұрғындардың 19 проценті қи­налған сәтінде пара беретінін білдірсе, 66 проценті сыйақы немесе пара бермейтінін айтқан. Пара бермейміз деуші­лердің қатары өткен жылмен са­лыстырғанда 6,7 процентке арт­қан.
Биылғы жылдың ел есінде қалар ұсы­нысы десек те болар, аталған департамент мекеме басшыларын жаңа жыл тойлау­дан гөрі, қайырымдылық шараларын жасауға шақырыпты. Облыстық арнайы мониторигтік топ сыбайлас жемқорлықты бол­­дырмау мақ­са­тында жүйелі жұ­мыс жүргізуде. Биылғы жыл­дың өзінде бірқатар салалар­дың жұ­мысына мониторинг жа­сап, кемшілік­терді анықтап, жем­қорлыққа жол бермеуге ықпал еткен.
– Топ құрамында журналис­тер, блогерлер, ҮЕҰ мүшелері, заңгерлер бар. Топтың атқарған жұмысы әрдайым жариялы, ел хабардар, – деді мониторингтік топ жетекшісі А.Ізден.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<