Жеңімпаздармен кездесті

916

0

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық «Рухани қазына – 2020» фестивалінің жеңімпаздарымен кездесіп, құттықтады.

Фестивальға еліміздің барлық өңірінен 250-ден аса мәдениет ұйымы мен сала қызметкерлері 50 номинация бойынша қатысты. Шарада облыстың 14 мәдениет ұйымы мен қызметкерлері бақ сынап,  5 номинация бойынша үздік деп танылды.

«Үздік ауылдық маңызы бар музей» номинациясын Шиелі ауданы, «Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі» филиалы, «Үздік ауылдық клуб» номинациясын Жалағаш ау­даны, Аққұм ауылдық клубы, «Үздік облыстық маңызы бар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана» номинациясын облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана, «Үздік музейлік онлайн жоба» номинациясын облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Айгерім Бекқұлиева жеңіп алса, «Ахмет Жұбанов» атындағы арнайы жүлдемен Қазалы аудандық мәдениет орталығының директоры Өтеп Кемеңгер марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<